Жаңалықтар

«E-Salyq Business» қосымшасына қосыл!

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін «E-Salyq Business»мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Жаңа қосымша оны қолданатын кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, себебі қосымшаның өзі чектер бойынша айқындалған кірістер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерге автоматты түрде есептеу жүргізетін болады. Бұдан басқа салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады. Бұл жаңа салық режиміне қатысты.

Қосымшаны енгізу 2022 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларда қарастырылған. Осылайша арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа салық режимін енгізу көзделген.

Ақерке МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button