Жаңалықтар

Індет жұқтырғандар саны 34,5 мыңға жуықтады

4 қарашада облысымызда 48 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 38 адамнан ауру белгілері байқалған болса, 10 адам денсаулығына байланысты еш шағым айтпаған.

Облыс орталығынан 29 жағдай, ал басқалары аудандардан тіркелген.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен тікелей эфирде айтылды. Әлеуметтік желілердегі aqtobe_press парақшасы арқылы таралған тікелей эфирге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Түлкібаева қатысып, індеттің таралуы мен вакциналауға қатысты өңірдегі қазіргі жағдай жөнінде баяндады.Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғандардың жалпы саны 34 476 адам болды. Оның ішінде 33 616 адам жазылып шыққан. Барлық тіркелгендердің 24 479-ы — Ақтөбе қаласының тұрғындары.

Пандемия басталғалы бергі кезеңде жалпы тіркелген науқастардың 0,7 пайызы ғана — ауруды сырттан әкелгендер, 87,4 пайызы — жергілікті жерде жұқтырғандар. Қазіргі таңда 8263 адам үй карантинінде отыр.

Бүгінгі күні облыста 4308 кәсіпкер «Ashyq»жобасына қатысып отыр. Жоба іске қосылғалы бергі уақытта «қызыл» статусты 361 адамның карантин талабын бұзғаны анықталып, айыппұл салынды.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button