Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың жаңа қырлары

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Мақсат — екі тарап арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басшыларымен кездесуі барысында өзекті мәселелер талқыланды. Белсенді үкіметтік емес ұйым басшылары атқарып жатқан жұмыстарымен қатар, алдағы жоспарларын да айтты.

— Бүгінде біздің облыста мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында жақсы әрістестік қарым-қатынас орнатылып, жұмысы жүйеленген. Нәтижесінде облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге және азаматтық қоғамды дамытуға септігін тигізетін елеулі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әрине, сіздерде жұмыс барысында кездесетін кедергілер барын да білеміз. Ол мәселелерді де алдағы уақытта бірлесе шешеміз деген үміттеміз. Бүгінгі ынтымақтастық туралы меморандум бірлескен жұмыстың басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді, — деді Ләззат Оразбаева.

Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығыныңпрезиденті Айгүл Дүйсенованың айтуынша, бүгінде облыста белсенді түрде жұмыс жасайтын 100-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Ал облыстық әділет департаментінде 776 үкіметтік емес ұйым тіркелген екен. Оның 415-і — қоғамдық бірлестік, 202-сі — қоғамдық қорлар, 32-сі — заңды тұлғалар бірлестігі, 127-сі — жекеменшік мекемелер.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button