ЖаңалықтарТәуелсіздік — 30

Отыз жылдағы оң өзгерістер

Биыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл — еліміз үшін маңызды белес.

Дәл қазір арман-мақсаттарымызды бір арнаға тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес әрбір адамның үлесімен, күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады.

Тәуелсіздіктің отыз жылында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын бақылайтын мекемеміз өзінің білікті кадрларымен, мақсатты жұмысымен талап биігінен көрініп келеді. Осынау толағай табыстардың бәріне ұжымның бірлігі мен ынтымағының, қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін есепті жылы біз облыс аумағында инфекциялық, паразиттік, кәсіптік және инфекциялық емес аурулардың алдын алу және одан әрі төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде есепті мерзім ішінде облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып, іш сүзегі, көкжөтел, күл, қызылша, қызамық, сіреспе, оба, туляремия, топтық тамақтан улану және жұқпалы аурулардың өршу жағдайлары тіркелген жоқ.

Ұйымдасқан ұжымдарда, медициналық мекемелерде жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың топтық жағдайлары тіркелген жоқ.

Департамент мамандары инфекциялық аурулардың 99 нозологиясы бойынша мониторинг жүргізіліп, облыс аумағында жұқпалы аурулардың 26 нозологиясы бойынша өсуі және 18 нозология бойынша аурудың төмендегені байқалса, керісінше 55 нозологиясы бойынша ауру тіркелген жоқ.

Күнделікті мониторинг жүргізу, департамент мамандарының коронавирустық инфекциялар мен пневмония ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуі, Ресей Федерациясымен шекаралардың қиылысындағы кіру пункттеріндегі бақылау аурушаңдықты көбейтпеуге ықпал етті. Сонымен қатар, алдын алу және иммундау бойынша мамандар халық арасында ауқымды санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі — оның денсаулығына жағымды әсер ететін маңызды факторлордың бірі. Сусыз адам үшін өмір жоқ. Үстіміздегі жылы Ақтөбе облысы халқының орталықтандырылған су жүйелерінен  ауыз сумен қамтамасыз ету  үлес салмағы 96,5 % құрады. Бұл бағытта жұмыс өз жалғасын табуда.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маңызды жетістіктерінің бірі – департамент мамандары тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуі үшін барлығы жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүзеге асты. Мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің барлығы да электронды түрде көрсетіледі және қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта департамент және оның аумақтық басқармалары облыс тұрғындарына электронды түрде 4 мемлекеттік қызмет бойынша 674 қызмет көрсетілді.

Осылайша қоғамдағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылайтын мекемеміз өтіп бара жатқан күрделі жылда жанқиярлық  жұмысымен көрінді, КВИ-мен күресте алдыңғы шепте жүрген санитариялық-эпидемиологиялық қызметі мамандарының, медициналық қызметкерлердің еңбегі қандай құрметке де лайық. Біз осы қиындықтарды бірге жеңеміз!

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button