Жаңалықтар

Үш ауысымды оқудан қашан құтыламыз?

Редакцияға хат

Редакциямызға Ақтөбе қаласының тұрғыны Райгүл Ырысалдинадан төмендегідей хат келді: «Қызым «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №60 орта мектепте оқиды. Бала санының көптігіне байланысты бұл мектеп оқушылары үш ауысыммен оқиды. Кешкілік үйге қайтқанда дала қараңғы, өзі қорқады. Сол үшін маған күн сайын жұмыстан сұрану да ыңғайсыз. Сұрайын дегенім,  үш ауысым мәселесі қашан шешіледі? Басқа мектептерге қосымша құрылыстар салып, осы мәселені шешіп жатыр деп естиміз…»

Оқырманымыздың сауалына облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан былай деп жауап берді:

— Ақтөбе қаласындағы«Нұр Ақтөбе»шағын ауданында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу бағытында аталған аумақта 900 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы жылы пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар сіз айтып отырған №60 орта мектептің жанынан 600 орынға арналған қосымша ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалу үстінде.

Ал облыс бойынша осы жылы 5130 орынға арналған 20 мектептің құрылысын жүргізу үшін бюджет есебінен 5,2 миллиард теңге бөлінді.Салынып жатқан мектептерден 5 үш ауысымды, 6 орын тапшылығын, 2 апатты жағдайда және 7 ескі бейімделген мектептердің мәселесі шешіледі.

Бүгінгі таңда облыста үш ауысымды 5 мектеп және апатты жағдайдағы 3 мектеп бар. Оның дені Ақтөбе қаласында орналасқан.

Жалпы, облыс бойынша үш ауысымды, орын тапшылығы бар және апатты мектептер мәселесін шешуге бағытталған 5 жылдық жоспар әзірленіп, 54 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Соған сай2025 жылға дейін облыс бойынша үш ауысымды оқу мәселесі толығымен шешіледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button