Ауыл

Спорт кешені салынып жатыр

Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «ОМАР-ТРАНС» ЖШС жүргізіп жатыр.

Ғимараттың жалпы алаңы — 1 117 шаршы метр. Жоспар бойынша спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады, сәйкесінше секциялар ұйымдастырылады. Жауапты мердігер құрылыс жұмыстарының 2022 жылы аяқталатынын айтып отыр.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button