Жаңалықтар

Іскер әйелдер тал отырғызды

Өткен демалыста Ақтөбе қаласындағы триатлон саябағына мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияға облыстық іскер әйелдер кеңесі, банк филиалдары қызметкерлері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

— Көптеген қызметкерлер тал отырғызу акциясына балаларын ертіп келді. Табиғатқа қамқорлықпен қарау қажеттігін балаларға жастайынан үйретуіміз керек, — дейді іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Сақтағанова.

Акция «Samet Foundation» қорының Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін ұйымдастырған «Жасылмектеп»жобасыаясындаөтті.

— Бұл қордың міндеті —  жасыл алқаптарды күтіп-баптау және уақтылы суарып отыру. Тамшылатып суару жүйесін енгізу мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Саябақтың жасыл аймағы ақтөбеліктер мен қонақтардың сүйікті демалыс орнынаайналуы тиіс,— дейді экобелсенді, іскер әйелдер кеңесі мүшесі Айман Сексенова.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button