Жастар

Шалқар — үздік аудан

Ақтөбе қаласында өткен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының жабылу салтанатында Шалқар ауданы «Үздік аудан» номинациясы бойынша марапатталды.

Сонымен қатар жазғы маусымда еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген шалқарлық Бақыт Арыстанғалиева мен Әсел Ерғалиеваға облыс әкімінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласына жолдама табысталды.

Биыл Шалқар ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 305 жас қамтылды. «Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 50 жас, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 255 жас еңбек етті. Оның 238-і Шалқар қаласынан, 67-сі ауылдық округтер бойынша маусымдық жұмыспен қамтылып, қаражат толық игерілді.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button