Мәдениет

Ән де, әзіл де, балаларға арналған бағдарлама да бар

Облыстық филармония қараша айында көрермендерге көптеген концерттер, әзіл-сықақ кештерін және балаларға арналған концерт те ұсынады.

Филармонияның «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі 6 қарашада «Сырлы саз» лекция-концертіне шақырады. Басталатын уақыты — 16.00. Ал келесі сенбі, яғни 13 қарашада «Екі езу» сатира театрының «Шымшылайық» атты жаңа бағдарламасын тамашалай аласыздар. Ол да 16.00-де басталады.

Келесі күні, 14 қарашада, филармонияның дәстүрлі әншілері «Әнші дауысы» концертін ұсынады. Басталатын уақыты — 16.00.

19 қараша, жұма күні «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклі қойылады. Басталуы — кешкі 19.00-де.

Эстрада әншілерінің «Сағыныш сазы» ретро-концерті 23 қараша күнгі 18.30-ға белгіленген. Келесі, 24 қараша күні дәл сол уақытта ҚР мәдениет саласының үздігі Төребек Мұстафиннің «Домбыра-дастан» атты шығармашалық кеші өтеді.

Жұма, 26 қарашада концерттік ақ рояльдің тұсаукесері өтеді. Кештің қонағы — ҚР мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті Гүлнәр Құрамбаева. Басталатын уақыты — 18.30.

27 қарашада А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі балаларға арналған «Игра престолов» концертін ұсынады. Концерт 16.00-де басталады.

Айдың соңғы жексенбісі, 28 қарашада қазақ камералық хорының «Как песня родилась?» концерті өтеді. Басталатын уақыты — 16.00.

Сондай-ақ филармония сахнасында көрермендерге Ернар Айдар, Қуандық Рахым, Айқын Төлепберген сынды әншілердің және «Назар аудар» театрының концерттері ұсынылады. Ернар Айдардың концерті 13 қарашада, ал Айқын Төлепбергеннің концерті 17 қарашада өтеді. «Назар аудар» Ақтөбеге 30 қарашада келеді. Үш концерт те 19.00-де басталады.

20-сы күні тыңдармандарды әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» атты концерті күтеді. Концерт 16.00-ге және 19.00-ге белгіленген.

Барлық концерттер Өнер орталығында өтеді. Көрермендер ғимаратқа ASHYQ қосымшасы арқылы кіргізіледі.Билеттерді Өнер орталығынан алуға болады, ал онлайн түрінде tiketon.kz сайтынан аласыз.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button