Жаңалықтар

65 жүргізушінің талабы

Дүйсенбі күні облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармада наразылық білдірген көлік жүргізушілеріне қатысты түсінік берілді.

— Кеше Жаңажол, Кеңқияқ аумақтарындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты компанияға қызмет көрсететін 65 көлік бағытқа шыққан жоқ. Басты себеп — жүргізушілер атқаратын қызметі үшін тарифтердің бағасын өсіруді талап етіп отыр.  Өйткені жанармай құны айтарлықтай қымбаттаған. Бұған дейін олардың қанша алғанын, енді қаншаға өсіруді талап етіп отырғанын нақты айта алмаймын. Неге десеңіз, бір топ мамандар, құзырлы органдардың өкілдері хабарды ести сала бүгін жолға шықты. Солар бәрін анықтап, аталған мәселені зерттейтін болады, — дейді облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Талғат Искарин.

Жұмыс істеуден бас тартқан жүргізушілердің жанайқайын тыңдауға аттанған жоғарыда аталған мекеменің басшылығы барлығының бақылауда екенін, алдағы уақытта оқиғаның анық-қанығын хабарлайтынын жеткізді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button