Жаңалықтар

Соңғы тәулікте 37 адам коронавирус жұқтырған

Тікелей эфир

Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 37 жағдай тіркелді. Бұл туралы «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева баяндады.

​​​​— Жалпы облыста коронавируспен ауырған 34 375 жағдай тіркелді, оның ішінде 76,3 пайызы ауру белгілерімен (26 241) және 23,6 пайызы симптомсыз (8134) жағдай. 33 476 (97,3 пайыз) науқас жазылып шықты.

​​​ Қазіргі таңда үй карантиніне 8374 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде, — деді Мұхтар Сербаев .

Оның айтуынша, бүгінгі күні облыста 4293 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, QR-кодтары жүктелген, оның ішінде «көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар саны – 143. Бағдарлама енгізілгеннен бастап өңірде «Ashyq» жобасына қатысатын «сары» статусы бар 245 және «қызыл» статусы бар 361 адам анықталған. Нәтижесінде «қызыл» статусы бар 117 жеке тұлғаға «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425-бабы 1-тармағымен әкімшілік шара қолданылып, 5 163 070 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

— Пандемия басталғалы өңірде 585 адам коронавирустан көз жұмды, оның ішінде бір науқас өткен аптада қайтыс болды. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 194 адам ем алуда. Жансақтау бөлімінде 29 науқас жатыр. Сондай-ақ облыста 25 жүкті әйел ауырып жатыр, оның біреуі жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Ал 54 бала медициналық қызметкерлердің қарауында. Оның ішінде 2 бала стационарға орналастырылды. Карантиндік стационарларда 5 адам бақылауда.

Жалпы облыс бойынша стационардағы кереуеттердің 29 пайызы, жансақтау бөліміндегі кереуеттердің 31,2 пайызы толық. Өңірдегі 12 зертханаға індет басталғалы 981 841 ПТР-тест әкелінді. Қазіргі таңда зертханаларда

ПТР-тест қабылдаудың тәуліктік қуаты  — 7967, — деді А.Күштаева.

Бүгінгі күні облыс «сары» аймақтар қатарында. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Мұхтар Сербаевтың айтуынша, әзірге өңірде шектеулер жоқ. Егер алдағы күндері облыста эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеулер енгізілуі мүмкін.

Айта кету керек, бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы анықталған мектептерде 47 сынып қашықтан оқыту форматына көшіріліп, үй карантиніне оқшауланды.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button