Саясат

Елбасы Жолдауы: Меже мен міндет

Демократиялық қағидаттарға адалдық

Елбасымызға деген халқымыздың тілегі —ерекше, алабөтен. Есімін еліміздің тәуелсіздік алуымен байланыстыратын тұңғыш Президенттің өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қарастырған ұсыныстар да соның көрінісі болатын. Алайда Конституциялық Кеңес Парламент қараған шешімді қарап, Заңды Конституцияға сәйкес келмейді деп мойындады. Осымен байланысты елде қалыптасқан саяси күрделі жағдайдан шығатын жолды Мемлекет басшысының өзі көрсетті. Өкілеттігінің екі жылға қысқаратындығына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгізді. Еліміздің Парламенті, күллі халқымыз Ұлт Көшбасшысының бұл таңдауын құп алып, қолдау көрсетуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімі арқылы өзі іргесін қалаған тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне, оның халқына, демократиялық қағидаттарға адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Халқымызды біріктіретін, болашағымызға берік сенім ұялататын жолды ұсынды.

Біз, біздің халқымыз қандай жағдайда да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге. Өйткені біз өмір сүріп отырған жаңа қоғамды, тәуелсіз жас мемлекетті, оның жиырма жыл ішінде қол жеткізген игіліктерін бұл есімнен бөліп қарау мүмкін емес. Мұхиттан арғы елдер түгілі, іргедегі жұрттың өзі біле бермейтін Қазақстанды әлемге танытып, жаһанның озық еліне айналдырды. Оған көпшілік білетін деректерді қайталап айтып жатпай-ақ, өзім көзім көрген жайларды баяндайын.

Күні кеше спорт ардагері ретінде шақырылып, Астанаға Қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанатына қатысып қайттым. Сонда Мемлекет басшысының тікелей араласуымен салынған спорт ғимараттарын, құрылыстарын көріп қайран қалдым. Қысқы Азиада ойындарының салтанаты төбесі ашылып, жабылатын жаңадан салынған стадионда өтті. Бұл стадион әлемде үлкендігі мен салтанаты жөнінен әлемде бесінші орын алады екен. Мұнан соң  қысқа мерзімде тұрғызылған басқа да қысқы спорттық ғимараттарды көріп, тамашаладық. Қысқы ойындарды өткізу жөніндегі халықаралық олимпиада комитетінің басшылары, білікті мамандары Қазақстан 2022 жылы Әлемдік қысқы олимпиаданы өткізуге толық мүмкіндігі бар деген шешімге келген. Бұл жерде менің айтайын дегенім, осындай әлем сүйсінетін спорттық ғимартатар кешегі кеңестік заманның жетпіс жылында біздің республикамыздың қай қаласында салынып еді? Болған жоқ қой ондай. Бұл да, қайталанбас дара тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың ақыл-ойымен келген дүние. Сондай басшысы бар біздің еліміз, халқымыз бақытты. Ендеше ондай адамның тағына кім таласады. Елбасының алдағы сайлауда сайланатынына еш шүбәміз жоқ. Тек аман болсын деп тілейік.

Қадіржан ІЗҒАРИН,

Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, спорт ардагері.

***

Журналистер жолдауды қолдайды

Қазақстан халқына арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын телехабардан тыңдап, баспасөзден оқып, танысып жатырмыз. Жолдау аты айтып тұрғандай, болашақтың іргесін бүгінгі күннен бастап қалайық, бақытты күндерге зор еңбек табыстармен бірге жетейік деп үн қатқандай.

Жолдауда еліміздің өткен жылғы табысы айтылып, қол жеткен жетістіктерімізді тұрақтандыру нақты белгіленген. Елбасы алдағы он жылда атқарылатын жұмыстарды айқындап, Үкіметке тапсырма берді. Әрине, еліміздің дамуы үшін жұмыстың жоспарлы жүргізілгені жөн. Сондай-ақ Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдығы өз деңгейінде аталып өтілетіндігін айтты.

Жалпы, Жолдауға облыс еңбекшілері, соның ішінде журналистер қауымы да тығыз үн қосуда. Жолдауды түсіндіруге, насихаттауға журналистер белсенділік таныта береді.

Арыстан АЙМАҒАМБЕТҰЛЫ,

Қазақстан  Журналистер одағы Ақтөбе

облыстық филиалының жауапты хатшысы.

***

Жетістікке жетелейді

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауын қолдау мақсатында жиын өтті. Басқосуға кітапхана ұжымы мен оқырмандар қатысты.

Жиында кітапхана директоры И.Магай жиналғандар алдында Жолдаудың басты бағыттары туралы айта келе, ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай кітапханада ұйымдастырылатын ауқымды іс-шаралар жайында кеңінен баяндады.

Кітапхана қызметкері Б.Құлдықова: «Елба­сы­ның биылғы Жолдауында елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мем­лекеттің үлкен қолдау көрсе­те­тіндігі айтылды. Бұл — ел  экономикасының тұрақты дамуға бет алғандығын, еліміздің әлемдік экономикалық дағдарыстан тиімді жолмен шығып келе жатқандығын көрсетеді», — деді ол.

Сондай-ақ жиында Ұ.Баймаханова, Қ.Райымбаева сынды кітапхана қызметкерлері де Жолдау туралы өзіндік пікірлерін айтты.

А.ТРЖАНОВА,

кітапханашы.

***

Зор байлықтың бастауы

Соңғы жылдары халық денсаулығын жақсарту мақсатындағы жұмыстарға айрықша назар аударылып, ілгеріге қарағанда  осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де ұлғайды. Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облысымызда заманауи үлгідегі емханалар бой көтерді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да  осы салаға ерекше басымдық беріп отыр.  Ж‰ргізілген ж±мыс нєтижесіне көз жүгіртсек, елімізде бала туу көрсеткіші 25 пайызѓа кµбейіп, адам µлімі 11 пайызѓа тµмендеген. Ал ха­лыќтыњ табиѓи µсімі 1,7 есеге артыпты. Сонымен қатар Елбасы биыл алғашқы медициналыќ-сани­тарлыќ жєрдемніњ сапасын арт­ты­ру, көліктік медицинаны жандандыру жұмыстарына айрықша назар аудару керек екенін айтты. Бұған қоса ‡кіметке 2015 жылѓа дейін сани­тарлыќ авиация м±ќтажы ‰шін кемінде 16 тік±шаќ шығаруды  тапсырды. Ал 2015 жылѓа ќарай 350 дєрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалардың салы­натыны көпшіліктің көңілінен шықты.

Өткен жылы облыста он төрт ірі денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Ауылдық жерлерде он медициналық пункт және екі дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады. Қаланың Жаңа қоныс аулында көп салалы екі жүз кереуеттік балалар ауруханасының құрылысы аяқталды. Биыл үш жүз кереуеттік ересектер ауруханасы іске қосылады. Осы жұмыстардың барлығы Елбасының тапсырмасы бойынша аяқталып отыр. Ал облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қолға алуымен жүзеге асқан «Шапағат» байқауы дәрігерлердің өз қызметіне деген ынтасын арттыра түсті. Бұл игі шара биылғы жылы да жалғасын табады деген ойдамыз. Сондай-ақ Жолдауды насихаттау мақсатындағы жұмыстар да жүйелі жүргізіліп жатыр. Біздің басқарманың жанынан құрылған ақпараттық- насихаттық топ жоспар бойынша әр ауданды аралайды.

Елімізде Үкіметтің қаулысымен Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесін тиімді ұйымдастыру мақсатында жалпы ұлттық жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес басқарма түрлі шаралар  өткізбекші.

Роман РАХИЕВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасы

емдеу жұмыстары және лицензия бөлімінің  бас маманы.

***

Зейнетақымыз жыл сайын өседі

Елбасының Жолдауын үй-ішімізбен тікелей эфирден тыңдадық. Жолдауда айтылған ойдың  барлығы көңілімізден шықты. Әсіресе, Елбасы халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде айтқан пікірі қуантып-ақ тастады. Осы шаруаларды әлі де жандандыра түсу үшін тиісті орындарға тапсырмалар берді. Әрине, Елбасы көтерген мәселенің дер кезінде орындалатынына сенімдіміз.

Бір кездері өте қиын кезеңдерді бастан кешірдік, тұрмыстың ауыр азабын тарттық. Тіпті ілгеріде зейнетақымыз кешіктіріліп беріліп, бірнеше ай жалақы алмайтын кездеріміз де болды. Ал қазір сол қиын күндерді еске алып, бүгінгі тірлігіме  шүкіршілік етемін.  Ынтымақ пен бірлік болса қиындықтың барлығы артта қалады. Қазір Аллаға шүкір, халықтың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді.

Мен зейнеткер және көп балалы ана ретінде қаңтардан бастап 34 мың теңге зейнетақы аламын.  Елбасының арқасында зейнетақымыз жыл сайын өседі. Сондықтан Елбасының бүгінгі жүргізіп отырған саясатына дән ризамын.

Райхан НҰРМАНОВА, зейнеткер,

Темір ауданы.

***

Тапсырмалар шешімін табады

Елбасымыздың Жодауын жыл сайын біздің ұжым асыға күтеді. Өйткені  Жолдауда Елбасы мемлекеттің ішкі-сыртқы ахуалына сараптама жасап, болашаққа бағыт-бағдар нұсқайды.

Биылғы Жолдауда ғылым мен білім саласына зор міндеттер жүктелді. Бұл тапсырманы ауыл-аймақта жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Мәселен, біздің округ бойынша осы оқу жылында 320 орындық Талдысай орта мектебі пайдалануға берілді. Жаңа үлгідегі жабдықталған мектептің ішін көргенде  оқушылар қатты қуанды. Енді осы жылы Талдысай мектебінің жанынан 50 орындық балабақша ашу, ал Әлия ауылындағы балабақшаны кеңейту жоспарланып отыр. Біздің мектепке «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасының аясында жаңа спорттық құрылғылар  орнатылды.

Ал Жолдауда айтылған  «Ауыз су» бағдарламасы аясындағы жұмыстар біздің ауылда биыл басталады. Өткен жылы Жиренқопа, Әлия, Сарбұлақ ауылдарына су құбырларын тарту үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар дайындалса, биыл Талдысай ауылына су жүргізуге қажетті құжат әзірленуде. Ал Қобда ауылына газ құбырын тарту мақсатындағы жұмыстың  басталғанын тұрғындар жақсы біледі.  Елбасымыз көтерген «Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша  өткен жылы Әлия ауылында бір үй салынып, пайдалануға берілді. Демек, биыл да Президентіміз тапсырған шаруалар шешімін табады деген ойдамын.

Сабыржан ҚҰРМАНҚҰЛ,

Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп директоры.

Қобда ауданы.

***

Бауырмалдықтың бағасы

Жолдаудың  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген тақырыбының өзі көңілге қонымды. Іргесі қаланғанына 20 жыл болған жас мемлекетіміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстарды болашақта да бірге болуға шақырып тұр.

Менің әкем  қиын-қыстау кезеңде  Кавказдан Қазақстанға көшіп, Қобда ауданына қоныстанады. Ал мен Қобданың Сөгәлі ауылында туып өстім. Қазақ халқының бауырмалдылығы бізді қиындықсыз өмір кешуге жазды. Ұрпағымыз өсіп,  шаруашылығымыз кеңейді.  Бұрынғы Исатай ауданының ізіндегі Ақырап ауылының іргесінде бір кездері Ақсай деген ауыл болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында сол ауылдың тұрғындары түгелімен көшіп кетті. Қазір Ақсайдың тұсындағы Ақсуатта жалғыз үй қалдық.  Осы аймақта  «Дегелі» шаруа қожалығын аштым. Асыл тұқымды жылқы, оның ішінде ақалтеке, көшім, араб пен ағылшын текті тұқымын өсіремін. Республика, облыс көлемінде өтетін бәйгелерде жүлде бермейтін жүйріктерді өз алдына баптаймын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін  өз кәсібімді жолға қойып, жандандыруыма мүмкіндік туды. Мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер берілді. Осындай көмектің арқасында мал басы көбейді.  Өткен жылы100 сиырдан 100 бұзау, 70 биеден 68 құлын, 200 қойдан 180 қозы алдым. Жылқының қанын алмастыру, тұқымын асылдандыру мақсатында сырттан 50 мың АҚШ долларына 25 бие сатып алдым. Жазда біраз шабындық жерлердің өртеніп кеткеніне қарамастан күндіз-түні жатпай еңбектеніп,18 мың центнер шөп дайындадым. Қазір 2 мың центнер артық шөп бар. Жаз айларында ауылдың жігіттеріне шөп шауып беріп көп көмектестім. Үкімет тарапынан арзан бағамен берілген жанар-жағармай  шаруаларға үлкен көмек болды. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытудағы Елбасының ұстанған саясатына дән ризамын.

Ваха ӘЛИЕВ,

«Дегелі» шаруа қожалығының басшысы.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button