Білім

Педагогтер тәжірибе алмасты

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы мен «Сымбат» жеке мектебінің ынтымақтастық туралы меморандумы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің ішкі ұмтылысын дамыту» атты мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

Шараның басты мақсаты — педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

Семинар жұмысын аталған орталықтағы жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Елизавета Дәулетқалиева мен курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының меңгерушісі Ләззат Ермекбаева жүргізді.

Шараға онлайн форматта Ақтөбе қаласынан және облыс аудандарынан 30 педагог, сондай-ақ офлайн форматта «Сымбат» жеке мектебінің 25 педагогі қатысты. Спикерлер қатысушыларға заманауи сабақ түрлерін ұсынды. Педагогикалық идеялардың республикалық панорамасына қатысқан және цифрлық сабақтар әзірлеген облыс мұғалімдерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту идеяларымен бөлісті. Семинарға қатысушылар қазіргі таңда әр мұғалімнің цифрлық трансформациясы қажет екендігін атап өтті.

«Сымбат» жеке мектебінің директоры Рзагүл Қолғанатова семинар жұмысын қорытындылап, педагогтер тарапынан ұсыныстар айтылды.

А.ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button