Құқық

Түнгі рейд жүргізілді

Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция бөлімі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойған болатын. Бүгінде осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Ауданның белсенді жастары арасында «Жас сақшы» және «Полицияның қоғамдық көмекшісі» топтары құрылды. Полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен бірлесе арнайы кесте бекітіліп, аптасына екі рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 50-ге жуық түнгі рейд профилактикалық жұмысы өтті.

Жуырда аудандық полиция, прокуратура бөлімдері, «Жас сақшы», «Полицияның қоғамдық көмекшісі» топтары және аудан әкімі жанындағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Шара барысында адамдар көп шоғырланған жерлерге және дүкендерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button