Жаңалықтар

Облыс халқының саны 900 мыңнан асты

Жыл басынан бері біздің өңірде халықтың саны 8,3 мыңға артып, бүгінде 900 мыңнан асып отыр. Өңірде табиғи өсім байқалады.

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 900 мыңнан астам адамның 72 пайызға жуығы қалада тұрады. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бойынша жалпы халық саны 8,3 мың адамға немесе 0,92 пайызға өскен. «2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында облыс халқының табиғи өсімі 9,2 мың адамды құрады. Осы аралықта 15 мыңнан астам бала өмірге келді. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда табиғи өсім 28,5 пайыз, бала туу көрсеткіші 13,9 пайыз өсті, өлім-жітім 10,5 пайыз азайды. 4 мыңнан астам неке қиылды. Ажырасу саны 20,5 пайызға кеміді», — деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы облыс ішіндегі көші-қон мәселесіне тоқталсақ, 20 мыңға жуық адам көшіп келсе, 21 мыңнан астамы көшіп кеткен. Өңірге өзге елден 300 адам келсе, 1491-і өзге жаққа қоныс аударды. Шетелден 100-ден астам қазақ көшіп келіп, ал 75 қазақ шетелге көшіп кеткен.

2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында облыс шегінде тұрғылықты жерін өзгерткендер саны 15436 адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі деректен 4,5 пайызға көп.

inform.kz сайтынан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button