«Ақтөбе — құтты мекен»Басты жаңалықтар

Аспалы парк ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта аспалы парк ашылды.

Мұнда арнайы келген Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров алдымен көпірден өзі өтіп, қауіпсіздігін тексерді.

Аспалы парк — адреналинді ұнататындар үшін таптырмас орын. Ұзындығы — 12, биіктігі — 6 метр. Жоба «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының демеушілігі негізінде жүзеге асырылған. Саябақтағы арқан көпірді тапсырысты алған ресейлік компанияның өкілдері келіп өздері құрып берді.

— Аспалы парк екі қабаттан тұрады. Бұл орташа түріне жатады. Аспалы парктің бұдан да үлкен түрлері бар. Барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Паркте жүру маршруты екі деңгейден тұрады. Бірінші қабаты балаларға, ал екінші қабаты ересектерге арналған. Мұнда 10 жастан асқан балалар келіп демала алады. Бұл парктің ерекшелігі — мұны жинап алып, кез келген жерге құруға болады, — дейді аспалы көпірді құрған «АСпорт» компаниясының директоры Алексей Лоскутов.

Алдағы уақытта бұл жерге жауапты қызметкер бекітілетін болады. Ал аспалы паркке міну ақылы болмақ.

Тұрғындардың демалуына барынша қолдау жасау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір қалада 60-тан астам демалатын орын бар. Енді олардың барлығы бір компанияның қолында болады. Бүгін «Қазхром» компаниясы салып берген аспалы парк көпшіліктің сүйікті орнына айналады деп ойлаймын. Мұнда қауіпсіздікке басты назар аударылады, — деді қала әкімі.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button