Жаңалықтар

Берік Сариев — фермерлер ұйымының жетекшісі

«Қазақстан Фермерлер қауымдастығы» басқармасының төрағасы Жигули Дайрабаевтың бұйрығымен Берік Сариев фермерлер қауымдастығы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды.

Берік Камелұлы Сариев 1976 жылы Ойыл ауданының Көптоғай елді мекенінде дүниеге келген. 1996 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданған.

2018 жылдан бастап Қобда ауданындағы «BS-Agro» шаруа қожалығының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button