Жаңалықтар

Сазгер есімі ұлықталды

Қарғалы ауданының Шәмші ауылында жылда композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Өткен аптаның аяғында шәмшілік тұрғындар тағы бір әдемі шараның куәсі болды. 

Ауылға композитордың қарындасы Райхан Домбаева, белгілі композитор, Шәмшінің жоқтаушысы Қалдыбек Құрманәлі, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев келіп, қазақ вальсі королінің есімі мен шығармашылығын ұлықтауға арналған шараға қатысты. Шәмші ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мәртебелі меймандар ауыл ішін аралап, мектепке барып, балалармен, ұстаздармен кездесіп, ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Келесі күні аудан орталығы Бадамшада композитор шығармаларын насихаттауды мақсат еткен «Әуелейді Шәмші әні» облыстық байқауы  өтті. Өнер додасына

Қарғалы өнерпаздарымен бірге Ойыл, Мұғалжар, Әйтеке би, Қобда, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласынан келген үміткерлер қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Шәмші ауылының өнерпазы Томирис Мақсатова бірінші орынға ие болды. Хромтаулық Нұрболсын Асылбекұлы, қобдалық Әбжан Нұржан екінші, үшінші орындарға лайық деп танылды.

М.САТАЕВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button