Жаңалықтар

Ардагерлер кеңесінің  съезі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық ардагерлер кеңесінің VIII съезіне ақтөбелік делегаттар да барды, сондай-ақ бір топ еңбек ардагерлері ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.

Съезде көптеген келелі мәселелер қозғалып, ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын одан әрі жандандыру бағытындағы ұсыныстар айтылған. Республикамыздың өсіп-өркендеуі жолында сүбелі үлес қосқан бір топ еңбек адамдарына съезд барысында  «Еңбек ардагері» медалі табысталыпты. Солардың қатарында Қарғалы ауданындағы «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аманғос Төлеуов те бар.

«Бұл — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды шара. Әрі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні бар. Біздің Ақтөбе облысында 90 мыңға тарта зейнеткер бар. Оның жартысынан астамы еңбек ардагерлері. Съезде жас ұрпақ тәрбиесі бағытындағы жүйелі жұмыстарды одан әрі жалғастыру, бастауыш ұйымдармен байланысты нығайту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді», — деді Нұр-Сұлтан қаласынан съезд соңында хабарласқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов.

Н.ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button