Басты жаңалықтарЭкономика

Өңірдің экономикалық дамуы қорытындыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірдің қаңтарқыркүйек айларының аралығындағы әлеуметтікэкономикалық дамуының қорытындылары қаралды. Шара барысында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева баяндама жасады.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өсімі  104,8 пайызға, өндірілген өнім көлемі 1,5 триллион теңгеге жетті», —  деді Г.Сүйінтаева.
Құрылыстың жүргізілуі 103,4 пайызға жетіп, тұрақты әрі жоғары қарқынды өсім қамтамасыз етілген, соның ішінде 624,8 м2 (112%) баспана пайдалануға берілді. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі 130,5% (557,6 миллиард теңге) болды.
Оңдасын Оразалин сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне экономиканың барлық салаларына инвестиция тартуға ерекше назар аударуды тапсырды.
«Жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі кемінде 104,1 пайызға жетуі керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу — біздің ортақ міндетіміз», — деді Оңдасын Оразалин.
Бұдан өзге өңір басшысы эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысын бақылауда ұстауды және қауіпті індет көбейген жағдайда үнемі дайын болу қажеттігін тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button