Басты бет » Жаңалықтар » Байқау мәреге жетті

Байқау мәреге жетті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Парасатты отбасы» бейнероликтер байқауының салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты — балалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, отбасы институтының рөлін күшейту, сондай-ақ олардың креативтілігін және қоғамдық белсенділігін дамыту.

Марапаттау рәсіміне аталған департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дархан Мүсіров, сондай-ақ 8-14 жасқа дейінгі жас қатысушылар қатысты.

Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған шара биыл 11 қыркүйекте басталды. Марапаттау рәсімінде барлық қатысушылар түрлі номинациялармен, ал жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға қатысқан балалардың ата-аналары осындай пайдалы қоғамдық шара үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

А.ҚАЛДЫБЕК.