Пікір

Кітапханашыларға серпін берді

Г.СЕЙІТОВА,

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі

 Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дағдарыстан кейінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақылар да бар. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе  — зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Одан бөлек, 2025 жылға дейін 800 мектептің орнына 1 мың мектеп салу керектігі де  айтылды.

Жолдаудың әлеуметтік салаға қатысты тағы бір жаңалығы — келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге көбеймек. Аталған бастама 1 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды. Сондай-ақ кей саланың жалақысын өсіру де жоспарда бар. Мәселен, Президентіміз мәдениет саласының, оның ішінде кітапханашылардың жалақысының төмендігіне көңіл аударды. Кітапхана — руханият, білім ордасы, зиялы қауым мен оқырмандардың кездесетін жері. Осы кітапхана қызметкерлерінің жалақысының өсуі — біз үшін өте қуантарлық жағдай.

Пандемия кезінде кітапхана қызметкерлері жұмыстың виртуалды форматына ауысып, ақпараттық ресурстарды барынша пайдаланды.

Президенттің биылғы жылды балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялағанын ескере отырып, кітапханашылар өз қызметінде әрі қарай да қазақстандықтар арасында кітап оқуды насихаттаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады деген ойдамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button