Жаңалықтар

Облыста эпидахуал тұрақталып келеді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының COVID-19-ға қарсы екпе алу барысы, жалпыұлттық халық санағы мен облыс бюджетінің игерілуіне байланысты мәселелер қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Мәжіліс барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, COVID-19-ға қарсы екпе алу және халық санағының өту барысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы күндері өңірімізде ковидпен ауырған адамдардың саны азайып, эпидахуал тұрақталып келеді.
Сонымен қатар жиын барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаевтың 2021 жылға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттардың игерілуі туралы баяндамасы тыңдалды.
Өңір басшысы облыс әкімінің орынбасарларына, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне қаржының дұрыс игерілуін үнемі бақылауда ұстауды, халық санағын онлайн түрінде тапсыруды жеделдетуді және мал азығын дайындауды қамтамасыз етуді айтты. Сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жол құрылысы қарқынын тездетуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button