Пікір

Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікке бет бұрғандар санын көбейтті

Аслан Балқасымов, жеке кәсіпкер:

— Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын мен барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін, нақты іс-жоспарға құрылған тарихи құжат ретінде қабылдаймын. Жолдауды елеңдей күтіп, ондағы тың басталамалар мен жоспарланған істерге үміт арта қараймыз. Мен жеке кәсіпкер болғандықтан кәсіпкерлік саласында күтілетін өзгерістерге, бастамаларға көбірек көңіл бөлемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында, ең алдымен, пандемиядан кейінгі экономикалық даму мәселесі көтерілді. Соның ішінде Президент «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының тиімділігін ерекше атап өтті.

Мысалы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында елімізде 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылып, 70 мың жұмыс орны ашылды. Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 66 мың жоба қолдау тапты. Расында, осы бағдарламалар қолға алынғалы бергі уақытта кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар саны артты.

Жолдауда атап көрсетілгендей, енді осы бағдарламалардың мерзімі 2022 жылға дейін ұзартылды. Бұл мақсатқа кемінде бір триллион теңге қаржы бөлінетін болды. Мемлекет басшысының бұл шешімі экономикадағы бүгінгі ахуалды жақсарта түсуге септігін тигізері сөзсіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button