Пікір

Жайылымдық жердің мәселесі шешілетін болды

Қуаныш БІРЖАНОВ,

ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да халыққа арнаған Жолдауында алдағы уақытта ел дамуы жолында маңызды бастамалар, үлкен шаруалардың жүзеге асырылатынын жан-жақты түсіндіріп айтты.

Соның бірі —  Үкімет шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуге қатысты заң жобасын дайындауы керек. Әрине, бұл шаруалар үшін үлкен жаңалық. Себебі мал шаруашылығымен айналысатындар үшін бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл туралы Президент: «Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсететін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс», — деді.

Егер Мемлекет басшысы айтқан бұл мәселе ел-аймақтарда тиісті деңгейде жүзеге асса, мал шаруашылығы бағытындағы жеке қожалықтардың ісі оңынан туып, жайылымдық жерлердің көлемі арта түседі. Ең бастысы, бұл мәселе мал басын көбейтуге серпін бермек.

 Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button