Білім

Ерекше концерт

Біздің мектебімізде «Оскар» стиліндегі мұғалімдерге арналған ерекше концерт өтті.

Мектеп өмірі фильм сияқты ғой, кейде бұл экшн-фильм, кейде комедия, кейде мелодрама. Әр мұғалім актер секілді. Бір жұмыс күні көп эмоцияларды сезінеді, шәкіртінің жетістігіне қуанады, кейде бір қылығына ренжиді дегендей. Әр сабақ, іс-шара, серуендеу, пикниктер — актердің шеберлігі ғана емес, сонымен қатар режиссердің таланты да. Әрине, әр мұғалім — актер, режиссер, продюсер, тіпті дыбыс операторы! Осының бәрі ерекше концертте қамтылған. Яғни оқушылар ұстаздарға арналған әндерді шырқап, «Менің атым Қожа» кино-лентасынан музыкалық көрініс ұсынды.

«Педагогикалық Оскар» марапаттау рәсімі әр бірлестік бойынша бөлініп, ұстаздардың әр фильмінде өзінің мақсаттарына жету жолдары көрсетілді. Мұғалімдер үлкен қуат алды, бүкіл оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлағандары үшін оқушыларға ризашылықтарын білдірді.

Айгүл ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,

№72 ІТ мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button