Білім

Білім айдынындағы кеме

Ақтөбе қаласындағы Пригород орта мектебі 1974 жылы құрылған. Бүгінде аталған білім ордасының педагогикалық ұжым құрамы тұрақты қалыптасқан. Жаңартылған білім беру мазмұны мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында мекепте 50 педагог үздіксіз қызмет атқаруда. Оның ішінде16 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 3 жоғары санатты, 6 бірінші санатты, 1 екінші санатты мұғалім бар. Тәжірибелі ұстаздар, магистрлар, тәлімгерлік ететін жас мамандарымыздың да болашағынан зор үміт күтуге болады.

Қоғам көшбасшыларының бірі — тәжірибелі ардагер ұстаздар. Осы орайда мектептің қамқоршылық кеңесі мен ардагерлер кеңесі келешекке жол бастап, жастар тәрбиесіне, мектептің даму бағытына да тікелей атсалысады. Мұғалім, ата-ана, оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Біздің мақсатымыз — жастардың бойындағы рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін, шығармашыл ізденіс пен ой қабілеттерін дамыту, этикалық, эстетикалық талап пен мұғалімге деген оңтайлы көзқарастарын қалыптастыру. Сондай-ақ ата-баба дәстүрімен қалыптасқан ұлттық мәдениетіміз бен танымымызды жоғалтпай, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес бағдарламаны меңгерту, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру — алтын ұя мектебіміздің жұмысын дамыту жоспарындағы басты міндеті.

 Гүлнар ЖАНИНА,

Пригород орта мектебінің директоры,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button