Жаңалықтар

Кодекс талапты күшейтеді

Брифинг

Экология заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан былай облыстағы өндіріс ошақтары заманауи техникаларды қолдануға көшуі тиіс.  Қоршаған ортаны ластамау үшін кәсіпорындар мен зауыттарға талап күшейтіледі. Егер орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады. Бұл туралы облыстық экология департаментінің өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, ҚР Экологиялық кодексінің жаңа ережелерін түсіндірді.

— Жыл басында еліміздің экологиялық заңнамасы саласында маңызды өзгерістер болды. Жаңа экологиялық кодекс қоршаған ортаға неғұрлым елеулі әсер ететін ірі кәсіпорындар үшін құқықтық режимді қатаңдатады. Әр өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізетін әсері әртүрлі. Сондықтан олар 4 санатқа бөлінген. Алғашқы екі санаттағылар өндіру көлеміне қарай белгіленген мерзімде есеп беріп отырады. Өйткені олар мұнай-газ, жер қойнауын өндірушілер. Бұлэлектронды түрдежүзеге асады. Ол үшін арнайы портал әзірленіп жатыр, — дейді департаменттің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Салтанат Алмырзаева.

Өндіріс ошақтарынан шығатын қалдықтардың көлеміне қарай айыппұлдың да бағасы өсе береді. Сондықтан Ақтөбе ферроқорытпа зауыты шығарындыларын 3,8 тоннаға дейін азайту жоспарланып отыр. Ал Ақтөбе хром қосындылар зауыты шығарындыларын 50 пайызға дейін азайту үшін 4 электр сүзгісін ауыстырып, шаң-газ тазалау қондырғысын қайта жаңартуды бастап кетті.

Қазіргі таңда облыста 94 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп жатыр.

Жаңа заңнаманың мақсаты — өндіріс ошақтарының табиғатқа кері әсерін тигізіп, ауаны ластауына жолбермеу.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button