Білім

Тәуелсіздіктің төл құрдасы 

Тәуелсіздік дәуірі мен оның қарсаңындағы уақытты қамтитын соңғы 30 жылдыңішінде талай игі істердіңкуәсі болдық.Солардың бірі —Ақтөбе қаласындаәл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының ашылуы.

Тәуелсіздіктің төл құрдасы,30 жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінде дарынды шәкірттер тәрбиелеп, қаладағы мақтаулы мектептердің біріне айналып отыр.

Тарихқа үңілер болсақ, 1991 жылы «Алдаспан» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері 8 ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, сұхбаттасып, қазақтілді мектептің сұранысқа ие екендігіне көз жеткізді.Нәтижесінде қаланың 3000 тұрғынынан өтініш жинап, оқушыларды мектепке тарту жұмысын жүйелі жүргізді. Осы орайдаТәшкенбай Сұлтанбек, Естай Жайлыбай, Серік Ерғали сынды ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ерекше қажыр-қайрат көрсеткенін айту керек. Олар тұрғындардың өтінішін Ақтөбе қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетіне ұсынды.Сөйтіп, қаланың  №7 шағын ауданында 1266 орындық қазақ тілінде оқытатын №21 орта мектеп ашылсын деген шешімге қол жеткізді. Қуанышты хабар баспасөз бетінде («Ақтөбе» газеті, 1991 жыл, 31 тамыз) жарияланғанда, қалың көпшілік мәре-сәре болып, қуанысып қалды. 1991 жылдың қыркүйегінде  №21 орта мектебі 900 оқушымен оқу жылын бастады, ал келер жылы он төрт 1-класс ашылды. «Қазақтілді мектепке ата-аналар баласын бермейді» деген сыңаржақ көзқарасқа осылай тосқауыл қойылды. Бұл жайт №21 орта мектеп қана емес,қалада басқа да қазақ мектептерінің ашылуына ықпал етті. Бодандық қамытын шешкен қазақ халқының намысы оянып, ұлттық рухы көтерілген шақта ашылған мектептің алғашқы директоры Теміржан Бурин еді. Ол іргетасы жаңа қаланған мектептің еңсесін тез тіктеуіне көп еңбек сіңірді.

Білікті басшы, жаңашыл ұстаздардың тынымсыз еңбегінің, дарынды шәкірттердің қол жеткізген жетістіктері арқасында білім ордасы2007 жылы облыс әкімінің бұйрығы негізінде «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» мәртебесін алды.2021 жылдан бастап мектебіміз әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия атанды.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы №21  мамандандырылған гимназиясының басты құндылығы —инновациялық  технологиялармен жұмыс жасайтын білікті мамандар, функционалдық сауаттылығы жоғары білім алушылар және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын ата-аналар. Осы үштіктің бірлескен жұмысының нәтижесінде мектебіміз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі білім сайыстарындаалдыңғы қатардан көрініпкеледі.

Бүгінгі таңда тек өз еліміздің жоғары оқу орындарында ғана емес, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Германия, Италия, Испания,Франция, Жапония т.б. елдерден білім алып келген түлектеріміз ел игілігі үшін қызмет етіп жүр. Сенім үдесінен шыққан түлектерді қазіргі ізбасарларына үлгі етеміз.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директоры

Маржанкүл ТОЙШЫМАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button