Білім

13 оқушы медаль тақты

Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілетін  «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды.

Дарынды жастарды  қолдау және ынталандыру мақсатында өткен шараға  Ақтөбе облысы бойынша «Елбасы медалі» жобасының  үйлестірушісі  Дәрмен Қапыс, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры  Нұрбол Бекбағанбетов және дарынды жастар қатысты.

Аталған жоба «Елбасы  академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен                 былтыр шілде айынан бастап ұйымдастырылып келеді. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысады. Қатысушылар 3 деңгейдің біреуін таңдайды.

қола деңгей —14 жастан бастап, ұзақтығы 6 (алты) ай;күміс деңгей —15 жастан бастап, ұзақтығы 12 (он екі) ай;алтын деңгей —16 және одан жоғары, ұзақтығы 18 (он сегіз) ай. Әбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған. Олар: спорт және денешынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі.

Былтыр бұл жобағаАқтөбе облысы бойынша 14-18 жас аралығындағы 382 жас қатысты. Оның 358-і — қола, 10-ы — күміс, 14-і — алтын медальға үміткер. 150 қатысушы былтыр «Елбасы медаліне» ие болды. Қалғандары жұмыстарын жалғастыруда.

Шара барысында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Нұрбол Бекбағанбетов ұзақтығы 6 айға созылған «Елбасы медалі» жобасының қола деңгейін сәтті қорғап шыққан 13 оқушығаНұрсұлтан Назарбаев қоры жіберген қола медальдары мен сертификаттарды табыстады.

           К.ҚОСЩАНОВА,

«Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру және мониторингілеу

бөлімінің әдіскері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button