Ресми

1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуді ұмытпаңыздар!

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға мүлік салығын төлеуді және 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталатынын ескертеді.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді.

Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» ақпараттық жүйесінің және Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының деректері пайдаланылды.

2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады. Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу қарастырылған, бұл туралы kgd.gov.kz интернет-ресурстың «алдағы төлемдер» сервисінен,  e-salyk azamat мобильді қосымшасынан, сондай-ақ  kaspi homebank банктерінің мобильді қосымшаларынан білуге болады.

Бұдан басқа салық төлеу ғимараттары туралы ақпаратты e-salyk azamat мобильді

қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінен көруге болады, болмаса Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіңізге болады.

Жеке тұлғалар салықтарды басқа тәсілдермен, яғни екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарының көмегімен төлей алады.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button