Жаңалықтар

«Адалдан болсын асыңыз»

Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында осындай тақырыпта семинар өтті.

Облыстық орталық  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз-келіншектердің сауатын жетілдіру мақсатында өткізілген шараға Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов пен жоғарыда аталған ұйымның «Әйел-қыздар» секторының өңірдегі жетекшісі Кенжегүл Қошқарова ұйытқы болған.

Семинарды «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшысы, технолог Айжан Омарова жүргізіп, адал асты тұтыну — бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе екенін атап өтті. Сондай-ақ адал ас ішудің исламдағы маңызы, жалпы, адам саулығына пайдасы хақында айтылды. Одан өзге технолог маман шара барысында күнделікті өмірімізде кездесетін өнімдер мен азық-түлікте кездесетін тағамдық қоспалар, күмәнді әрі харам заттардың аражігін ажыратып көрсетті.

Соңында қыз-келіншектердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Айәли АЙБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button