Пікір

Халықтың тұрмысына ерекше екпін берілді

Әлихан ЕРБОЛАТҰЛЫ,

Темір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.

Әсіресе Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айрықша атап, ортақ құндылығымызды қастерлеуді айтып өтті. Ел Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған нақты жүйеленген бастамаларға ерекше тоқталды.

Менің ойымша, Жолдауда әлеуметтің әлеуетін көтеру жолындағы іс-шаралар жөнінде айтылуы қоғам үшін үлкен серпіліс болды. Оның ішінде халықтың ең төменгі жалақы мөлшерін алдағы кезеңде көбейту шешімі, тұрғын үй алу төңірегінде жұртшылық үшін қолжетімді нақты бағдарламаның қабылданатындығы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің табысын арттыру тапсырмасы көпшіліктің ойынан шықты. Бұл қатарда мен де бармын.

Қорыта айтқанда, Президенттің ел дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Жолдау өзіндік нақтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдауда халықтың тұрмысына ерекше екпін берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button