Пікір

Сапалы білім балабақшадан басталады

Малика ЖЕТПІСБАЕВА,

«Айлин» балабақшасының тәрбиешісі

Президент Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауында сапалы білім беру мәселелері айтылды. Мемлекет басшысы ең алдымен білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет екендігін, мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу қажеттігін айтты. «Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс», — деді Президент.

Орта білім беру жүйесінде ғана емес, мектепке дейінгі білім сапасына да барынша көңіл бөлу аса маңызды. Білім беру саласының әлемдік деңгейге ұмтылуы, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, әсіресе мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орта білім беру жүйесіне даярлау, білім әлеміне дайын болып баруын қадағалау, саналы тәрбие беру, іздену дағдыларын қалыптастыру — тәрбиешілердің міндеті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында кішкентай балаларды ойын арқылы тәрбиелеу, ойын арқылы ойлауға үй          ретуге тырысамыз. Білім әлеміне апарар алғашқы саты — балабақшада берілетін білім мен тәрбие сапалы болса, Президент Жолдауында айтылған барлық мақсат-міндеттер жоғары деңгейде орындалатынына күмән жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button