Жаңалықтар

Ақ орамал сыйлады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуде. Мақсаты— көптің назарын осы шараға аударту арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Және де ақ орамалдың қазақ тарихындағы философиялық мәнін жастарға дәріптеу.

Осы ретте Шалқар қаласындағы АХАТ қызметінің неке залында  салтанатты шара ұйымдастырылып, неке куәлігін алушы жастар үлкендердің батасын алды. Отбасылық өмірдің табалдырығын енді ғана аттаған жас  жұбайлар Талғат Мұхамеди мен Назерке Қаржаубай осындай ерекше сый-құрметтің куәгері болды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі АХАТ қызметінің сектор меңгерушісі Ақтоты Ибрашева жас отау иелеріне сәттілік тілеп, неке куәліктерін салтанатты түрде табыстады.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Маржанкүл Бекетова  жас келін Назерке Қазиханқызына: «Өмірің сәулелі болсын, түскен әулетіңнің ұйытқысы бол! Отан отбасынан басталатынын білсең,  шаңырақтың берекесін әйел ғана құрай алатынын да ұмытпағайсың!»,— деп,ақ орамал сыйлап, аналық ақыл-кеңесін айтты. Осы мәндегі шара орталықперзентханада да жалғасып, жаңа босанған аналарғааталған кеңес тарапынан сыйлықтар тарту етілді.

 Арман ДАНАҒҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button