Пікір

Ел болашағының айқын көрінісі 

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ,

С.Бәйішев атындағы облыстық

әмбебап-ғылыми кітапханасының

коворкинг орталығының жетекшісі.

Жуырда Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау мақсатында оқырмандармен жүздесу өткізді.

Шара барысында Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов Жолдаудың негізгі жеті бағытына тоқталып, ғылыми тұрғыда өз ой-тұжырымдарымен бөлісті. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі түрлі алыпқашпа әңгімелердің жетегінде кетпеу үшін жастарға бағыт-бағдар берді.  Ал Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі бастығының  тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Орынбасар Баратов  Жолдауда ел өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери қырларының толыққанды қамтылғанын тілге тиек етті.

Кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Снабаева Жолдаудың халық тұрмысын көтеруге және мәдениет саласына қатысты айтылған тұстарын кеңінен ашып түсіндірді.

Сондай-ақ бұл күні кітапханада «Жолдау —ел болашағының айқын көрінісі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Кездесу соңында сөз алған кітапхана директоры Құралай Раймбаева облыста 236 кітапхана халыққа қызмет көрсететінін айтып, Президенттің Жолдауда мәдениет саласы қызметкерлерін қолдауы ұлттық руханиятқа еңбек сіңіріп жүрген кітапханашылардың мерейін асқақтатқанын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button