Жастар

Іріктеуге қатысуға өтініш беру осы айдың соңында аяқталады

Биыл 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдана бастады.  Осы уақытқа дейін республика бойынша 1440 адам тіркелуден өтті. Оның 508-і — ер, 932-сі —  әйел. Ал тіркелушілердің 31-і  — ақтөбеліктер.

Құжаттарды тіркеу және қабылдау осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Кандидат PKREZERV.GOV.KZ  сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен таныса алады. Тіркелу рәсімі барынша жеңілдетілген. Кандидатқа іріктеу кезеңдерінен өту үшін аты-жөнін, ЖСН-ін, өзіне қолайлы тілді және ең бастысы қолданыстағы электронды мекенжай мен ұялы телефонын көрсету қажет.

Еске сала кетейік, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді тәуір білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Осы тұста мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау бойынша сертификатты PKREZERV.GOV.KZ  сайтына тіркелу барысында кандидат ҚАЗАҚРЕСМИ тестін промокод арқылы тегін тапсыра алады. Тестілеу нәтижелері 2 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Егер кандидат  А1 немесе А2 деңгейдегі сертификатты алған жағдайда оған бірнеше рет промокод алып қайта тапсыруға болады.Ол үшін кандидат pkrezerv.gov@gmail.comмекенжайына жаңа промокод беру туралы өтінішпен хат жазуы керек.

Хаттың мәтінінде үміткер өзінің ЖСН-ін, аты-жөнін, тесттен өткен күнін көрсетіп, алынған QRT сертификатын қоса беруі қажет.  Промокодты алу үшін тестілеудің соңғы нәтижесін (сертификатты) қоса беру керек.

Барлық деректерді тексергеннен кейін үміткерге жаңа QRT промокоды жіберіледі.

Жаңа промокод үміткер өтінішхат жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

Президенттік резервтен тағайындау конкурстан тыс барлық мемлекеттікбасшылық лауазымдарынақарастырылған. Резерв мерзімі — 3 жыл.

 Мадина САБЫРОВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button