Басты бет » Пікір » Жақсылыққа бастайтын жолдау болғай

Жақсылыққа бастайтын жолдау болғай

Арай АМАНТАЙ,

облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын мен де тыңдадым. Жолдауда елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелер туралы жақсы айтылды.

Дені сау әр азамат — мемлекеттің басты байлығы. Денсаулықтың қадірін, әсіресе пандемия кезінде білдік. Осы орайда Мемлекет басшысы аурудан сақтану үшін вакцинаның тиімділігі туралы өте жақсы айтты. Сондай-ақ коронавируспен қоса басқа ауруларды қатар емдеу кейінгі шегерілмеуі керектігі жөнінде Президенттің сөзі көңілден шықты. Шынында, мемлекеттік емханалар осыны назардан шығармаса дейсің.

Жас отбасылардың баспаналы болу мәселесі жолға қойылатыны туралы хабар да мен үшін ерекше болды. Үкіметтің осы түйткілге маңыз бергені — құптарлық жайт. Өйткені отбасыдағы көпшілік мәселелер осындай әлеуметтік қиындықтардан басталатынын ұмытпауымыз керек…

Ел дамуының болашағын жарқын етуге арналған бұл Жолдауды жас маман ретінде қолдаймын. Бүгінгі жас буын, біз өз тарапымыздан сондағы мақсат-міндеттердің орындалуына тілекшіміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын!

Ақтөбе қаласы.

 

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН БІРЛЕСЕ ЕҢБЕК ЕТУІМІЗ КЕРЕК

Амангелді ШУНИМОВ,

мемлекеттік қызмет зейнеткері

Биылғы Жолдауда айтылған мәселелердің барлығы дерлік ел экономикасын көтеруге, дамытуға арналған. Әлемді әбігерге салған індеттен қажыған халқымыз Жолдаудан жағымды жаңалықтар мен жасампаз жақсылықтар күткені сөзсіз. Мемлекет басшысы осы орайда өз Жолдауында азаматтардың денсаулығын жақсарту, білім саласын көтеру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Білім жоқ жерде, ғылым да жоқ. Ғылым болмаса, өнеркәсіп өркендемейтіні сөзсіз. Сондықтан мемлекет мұғалімдердің еңбекақысын жыл сайын көтеріп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі олардың еңбегін әрдайым бағалап келеді.

Биылғы Жолдауда Президентіміз елімізде ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтерілетінін айтты. Бұл ең дұрыс шешім болды. Себебі қазіргідей нарық заманында аз жалақыға өмір сүріп жатқан азаматтарымыз көп. Бұл да Мемлекет басшысының халыққа жасаған қамқорлығы деп түсінеміз.

Биылғы жылы еліміздің бірқатар елді мекендерінде қуаңшылық болуда. Осыған орай Президент үкіметке бос жатқан жерлерді жайылымға  беруді ұсынды. Сондай-ақ елімізде 9 ірі су қоймасын жасау жоспарланды. Солар арқылы дәнді дақылдар егу жұмыстары жандандырылмақ. Бұл қарапайым халық үшін керемет жаңалық болып отыр.

Мен осы елдің азаматы ретінде Жолдауда айтылған барлық мақсат-міндеттерді қолдаймын. Және барша ақтөбеліктерді Мемлекет басшының тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, ел игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырамын.

Мұғалжар ауданы.