Пікір

Мұғалімдерді қолдау — білім сапасының кепілі

Күлпаш ЕСЕТОВА,

ардагер ұстаз

Президенттің жыл сайынғы Жолдауында білім беру саласын дамыту, оның ішінде мұғалім мәртебесін көтеру жайы жиі қозғалады. Бұл жолы да Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында мұғалімдерді қолдау саясатының жалғаса беретінін жеткізді. «Осы жылдың қаңтарынан бастап педагогика қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті. Алдағы үш жылдың ішінде біз бұл мақсатқа қосымша 1,2 триллион теңге бағыттаймыз. Қабылданған іс-шаралар өз жемісін беріп те жатыр. Педагогика мамандығына түсушілердің орташа балы күрт өсті. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыра беретін боламыз», — деді  Президентіміз.

Ұзақ жыл білім беру саласында еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан мен үшін бұл — қуанышты жаңалық. Өзімнен кейінгі әріптестерімнің әлеуетін көтеру жолындағы елдегі мұндай саясат өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып отырған әрбір мұғалімге көрсетілген жоғары құрмет деп білемін.

 Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button