Пікір

Әлеуметтік ахуалға мән берілген

Гүлмира НИЗАРОВА,

облыс әкімдігі аппаратының бас инспекторы,

«30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, ой қорыттық.

Жасыратыны жоқ, халықты толғандыратын бірінші мәселе — әр отбасының әлеуметтік ахуалы. Жолдауда бұл бағыттарға ерекше мән берілген. Ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру туралы әлеуметтік саладағы айрықша проблемаларға ерекше назар аударылғандығы «30 Еңбек елшісінің» жеңімпазы ретінде мені қуантып тастады. Айлық жалақыны көтеру — еңбек ұжымдары мен кәсіподақ мүшелері арасында жиі қозғалатын мәселелердің бірі. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру мен 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға өсіру туралы шешім қабылдағаны еліміздегі миллиондаған тұрғынға үлкен қуаныш пен үміт сыйлады.

Бұл — қарапайым еңбек адамдары үшін материалдық және моральдық қолдау.  Айлық жалақының өсуі, сонымен қатар ел тұрғындары арасында көптеген əлеуметтік мəселелердің шешімін табуға мүмкіндік берер еді.

Биылғы Жолдауда алға қойған міндеттер мен берілген тапсырмалар Тәуелсіз еліміздің әрі қарайғы дамуына айтарлықтай үлесін қосары сөзсіз. Мемлекет саясатын қолдайтын жастар ортақ міндеттерді бірге орындауға дайын!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button