Пікір

Еңбекақымыз көбейеді

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұқарамен

байланыс жөніндегі менеджері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында егеменді еліміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін жасалатын басым бағыттарды айқындап берді.

Президент Жолдауында мәдениет саласына қатысты мәселелерге де ерекше тоқталып өтті. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалану керектігін, Үкіметке жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды. Жалпы, адамзатқа ортақ құндылықтарды жастардың бойына сіңіруде зиялы қауым өкілдерін ел болашағы үшін маңызы зор мәселелерден тыс қалмауға шақырды.

Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бес бастаманы ұсынды. Төртінші бастамада 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын 20 пайызға көбейетіні көңілге қуаныш ұялатты. Президентіміздің мұндай қолдау білдіруі мәдениет саласының қызметкерлеріне  үлкен серпіліс берді.

Ұлт руханияты мен мәдениетін дамыту жолында  біз, мәдениет саласының мамандары, жұмыла жұмыс жасауға дайынбыз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button