Спорт

«Ақтөбе» – көш бастады

Ел біріншілігінде «Восток» командасын тас-талқан еткен ақтөбеліктер турнир кестесі бойынша көш басына шықты. Чемпиондар Өскеменде өткен ойында қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, шын дүлділ екендіктерін дәлелдеп берді.

Владимир Мұқановтың шәкірттері кездесудің алғашқы кезеңінің соңына дейін-ақ жеңімпаздыққа сай екендіктерін көрсеткені рас. Алғашқы екі гол Мұрат Тілешовтің есебіне жазылды. Кездесу сайын қарсыластарын сан соқтыруды дәстүрге айналдырған біздің шабуылшы «Ақтөбені» алға шығарды. Ұлықбек Асанбаев есепті 3:0-ге жеткізгеннен кейін алаң иелерінің салдары суға кетіп, чемпиондарды мойындауға мәжбүр болды. Ал кездесудің екінші кезеңінде Марат Хайруллин тағы бір мәрте ақтөбеліктердің қанжығасын майлады.

Қалған кездесулердің қорытындылары мынадай:

«Ертіс» – «Локомотив» 0:1

«Қызылжар» – «Шахтер» 0:1

«Тараз» – «Қайсар» 2:1

«Атырау» – «Тобыл» 2:2

«Ордабасы» – «Қазақмыс» 1:2

«Оқжетпес» – «Жетісу» 1:0

Сөйтіп, бес ойыннан кейін 15 ұпай олжалаған жерлестеріміз турнир кестесі бойынша аз ғана уақыт бұрын доп айырмасымен алда тұрған «Локомотив» командасын басып озды. Ал Мұрат Тілешов мергендер сапында бірінші тұр.

Серік ӘБДІБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button