Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

07.09.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 2021 жылғы 26 тамызындағы №37 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына (бұдан әрі-ПГГСВ-24) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) ПГГСВ-24-тің айқындаушы (кіріспе) бөлігіндегі «2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67» сөзі «2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38» деген сөзімен ауыстырылсын;

2) ПГГСВ-24-тің 1-тармағының 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 және 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді» сөйлем «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 20 және 21 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді» деген сөйлеммен ауыстырылсын;

3) ПГГСВ-24-тің 1-тармағының 9) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды» сөйлем «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды» деген сөйлеммен ауыстырылсын;

4) ПГГСВ-24-тің 1-тармағының 10) тармақшасындағы «2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67» сөзі «2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) ПГСВ-24-тің 1-тармағының 1) тармақшасының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысы бойынша 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы №ПГГСВ- 34 қаулысына (бұдан әрі – ПГГСВ-34) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 6- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ақтөбе облысының санитариялық- карантиндік пункттері арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелеріне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына:

1) Ақтөбе облысының аумағына шетелдік студенттерге:

– «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

– Ақтөбе облысының санитариялық- карантиндік пункттері арқылы өткізу пункттерін кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда келуге рұқсат етсін.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button