Жаңалықтар

Суға шомылу маусымы аяқталды

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының ұйымдастыруымен инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілеріндегі aqtobe_press парақшаларында «Суға шомылу маусымын қорытындылау» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Жаздың бітуімен облыс аумағында өзенге шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Ел аузында «Сүмбіле туса, су суыйды, Таразы туса, таң суыйды» деген сөз бар. Күздің салқынымен су температурасы да төмендеді.

Ауа райы болжамына сәйкес алдағы уақытта күн суытпаса, жылымайды. Күнделікті рейдке шығатын мамандар, өкінішке қарай, әдетте судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін бұзатын балықшылар екенін айтып отыр. Балық аулайтындар су айдындарына арнайы кеудеше кимей, қайықтың сыйымдылығы мен қанша салмақ көтере алатынын есептемейәрімас күйінде шығады екен.

Күздің бірінші күні Байғанин және Темір аудандарының шекарасындағы Кенжалы өзеніне достарымен бірге барған балықшының суға батып кету оқиғасы тіркелді. Қазір полиция жағдайды зерттеп жатыр.

Жалпы, құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне, денешынықтыру мұғалімдері арасынан шыққан еріктілерге маусым оңай болған жоқ. Жаздың көп бөлігінде жағажайлар карантиндік шектеулерге байланысты жұмыс істемеді. Облыс бойынша барлығы 4,5 мың рейд жүргізілді. Рейд барысында ортақ су пайдалану ережелерін бұзу және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу баптары бойынша 1623 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінге дейін облыстың су айдындарында 23 адам суға кетіп қалды, оның 4-еуі — бала. Статистика әлдеқайда қайғылы болуы мүмкін еді. Шомылу кезеңінде суға батып бара жатқан 7 адам құтқарылды, — дейді Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Нұрлыбек Айжарықов.

Басқарма бастығының айтуынша, шомылу кезеңінде кәсіби құтқарушылардан бөлек қарапайым азаматтар да адам өмірін құтқарып қалуға атсалысып, көзге түсті. Мысалы, биыл 15 жастағы Бимырза Манасов, 17 жастағы Айбар Серік және 20 жастағы Мұқтар Түлкібаев министрдің «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button