Пікір

Жолдау жетістікке жетелейді

Шамшат АБДИРЗАКОВ,

Мұғалжар аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда мемлекеттің саяси жаңғыру үдерісін жүзеге асыру, азаматтық қоғамды дамыту, ел экономикасын ілгерілету, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрмысын көтеру және басқа да өзекті бағыттарды қамтыған мәселелер көтеріліп, оны жүзеге асырудың жолдары айқындалды.

Жолдау, әсіресе азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономика, ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, білім сапасын жақсарту, медицина, әлеуметтік көмек, зейнетақы жүйесін жетілдіру секілді көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді дөп қозғады. Әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты айтқаны егін егіп, мал ұстап отырған шаруалар үшін үлкен жаңалық болды.

«…Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс», — деді Мемлекет басшысы. Жаңа заң жобасы әзірленсе, мал басын көбейтуге серпін бермек.

Бір сөзбен айтсақ, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттер мен бағыттар елімізді жетістіктерге жетелейтіні анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button