Пікір

Алаңсыз күндерге оралу үшін…

Әмет НӘБИЕВ,

Алға аудандық ауруханасының дәрігері,  эпидемиолог

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында індетке қарсы вакцина мәселесіне айрықша тоқталды. Әлемдік пандемия жағдайында өте маңызды бұл мәселенің Жолдауда көтерілуі орынды. Күн сайын мыңдаған азаматтарымыз індетке шалдығып жатыр. Жағдайдың бетін бері қарату,  аурудың алдын алу үшін  екпе жасату керек. Ал вакцина қазір  біреудің үрейін ұшырған, енді біреудің қорқынышын сейілткен, сөйтіп, көптің ойына бір-біріне кереғар, екі түрлі  ұғым қалыптастырған ​ тақырып болып отыр.

Шын мәнінде, індет жұқтырып,  өмір мен өлімнің арасында,  бір жұтым  ауаны тамағынан өткізе алмай қиналған жандар аурудың алдын алудың қаншалықты керектігін жақсы түсінеді.

Жалпы, вакцинаға қарсы пікірлерді теріске шығару үшін тек дәрігерлер ғана емес, барша қазақстандықтар атсалысуы керек. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын әлі де жандандыру қажет.

Өткен шақтағыдай алаңсыз күндерге оралу үшін бірге әрекет ету керек екенін айтқым келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button