Спорт

52-орынмен аяқтады

Токиода Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 5 медаль, оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде иемденіп, жалпыкомандалық есепте 52-орын алды.

Паралимпиада-2020 ойындарының қорытындысында жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы көш бастады. Қытайлық спортшылар барлығы 207 жүлде иемденді, соның ішінде 96 рет алтын алған. Одан кейінгі орында — Ұлыбритания (41 алтын), сондай-ақ АҚШ (37 алтын) үздік үштікке енді.

Қазақстандық спортшылар Токиода спорттың үш түрінен жүлде алды. Бұл спорт түрлері — пауэрлифтинг, дзюдо және жүзу. Жүлдегерлерімізге келсек, пауэрлифтингтен  Давид Дегтяров — алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина — күміс, жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Биыл Паралимпиадаға Қазақстаннан 25 спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдегер атанды. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш Рио-де-Жанейро Олимпиадасында тіркелген еді. Онда елімізден барлығы 11 спортшы қатысып, 1 алтын, 1 қола медаль иеленген болатын.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button