Жаңалықтар

Эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі

Облыста 2 қыркүйекте бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 339 жағдай тіркелді. Бұл туралы Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың қатысуымен өткен «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» баспасөз мәжілісі кезінде айтылды.

Бір тәулікте тіркелген 339 адамның 305-інде ауру симптомдары байқалған, 34-і  — симптомсыз. Ең көп Ақтөбе қаласында тіркеліп отыр — 235 адам.

Әйтеке би ауданында — 4 жағдай (1 симптомсыз), Алғада — 15 (2 симптомсыз), Ырғызда — 1 (1 симптомсыз), Қобдада — 15, Мәртөкте — 8, Мұғалжарда  — 15, Хромтауда — 12 (1 симптомсыз), Ойылда — 2 (1 симптомсыз), Темірде — 12 (2 симптомсыз),  Шалқар ауданында 6 адам (1 симптомсыз)  тіркелді.  Аурушаңдықтың өсуі 1,2 пайыз болып отыр.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 28397  жағдай тіркелген, оның 74,5 пайызы — ауру белгілерімен, 25,4 пайызы — симптомсыз жағдай. Олардың 0,8% пайызы   сырттан әкелген, 12,4 пайызы  — ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 86,6% пайызы — жергілікті жағдайлар, оның ішінде 18,9 пайызы —  профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

— Қазіргі уақытта үй карантиніне 9764 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр. Мобильді мониторингтік топтар және жергілікті полиция қызметі осы аптада өте белсенді жұмыс істеді. Солардан түскен материалдарға сәйкес, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 79,5 миллион теңге көлемінде 770 айыппұл салынды. Шектеу шараларын бұзғандардың дені — мейрамханалар, дүкендер, лаунж-барлар және басқа да нысандар.

Соңғы аптада, 27 тамыз-2 қыркүйек аралығында карантин режимін бұзушылық бойынша 34 материал түсті. Қазір барлығы да қаралды. Шектеу шараларын бұзғандар қатары азаймай тұр, — деді Н.Беркімбаева.

Б.Ізбасаровтың айтуынша, облыста КВИ-мен ауырған 28397  жағдай тіркелген болса, соның 22114-і ауруынан толық айығып шыққан. Қазіргі кезде инфекциялық ауруханаларда 1115 адам ем алып жатыр, оның 894-і — Ақтөбеде, 221-і —аудандарда.

— Жансақтау бөлімінде 110 адам бар. Оның ішінде 89 адам — Ақтөбеде, 21 адам — аудандарда. 18 адам жасанды желдету аппаратына, 50 адам өкпені инвазивтік желдету аппаратына қосылған. Карантиндік стационарларда 4 адам бар. (Мәртөк ауданында — 3, Қарғалы ауданында — 1 адам).

137 жүкті әйел бақылауда. Оның ішінде 53-і стационарлық ем алып жатыр, 4 әйелдің жағдайы ауыр. 394 бала қазір дәрігердің қарауында. 18 бала стационарлық ем алып жатыр. Барлық балалардың жағдайы орташа.

Коронавирус инспекциясынан күніге орта есеппен 2-3 адам өлімі тіркеліп отыр.

Инфекциялық кереуеттер жүктемесі — 59 пайыз, реанимациялық кереуеттер жүктемесі — 49 пайыз. Коронавирус инфекциясын тестілейтін 11 зертхана жұмыс жасайды.  Жалпы, пандемия басталғалы 842 643 ПТР тест алынды. Соңғы тәулік ішінде 3857 зерттеу өткізілді.  Осы жылдың ақпан айынан бастап облысқа барлығы 585 мың доза вакцина жеткізілген болатын. Бірінші компонентпен 284 593 адам, екінші компонентпен 226 610 адам егілді, — деді ол.

Мамандар ауруды жеңу үшін вакцина алуға, көпшілік жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағу, антисептик пайдалану секілді санитарлық талаптарды сақтауға кеңес береді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button