Пікір

Игілік басы — бірігу

Аманкелді ҚАЛЫБАЕВ,

Шалқар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қазіргідей күрделі заманда адам баласы жылы сөзге, кішкентай да болса қолдауға зәру болды. Осындай тұста Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауындағы келешек күндерге үміт арттыратын, жақсылыққа жоралғы жасайтын бағыттар бізді қуантып тастады.

Біздер, қиын кезде өмірге келіп, тіршіліктен барға мәз, жоққа ұмтылмай өскен ұрпақ, қазір де жасымыз келіп, бала-шағамыздың амандығын тілеп отырған уақытта сұраншақтықты жақсы көрмейміз.

Бірақ біздер үшін ең маңыздысы — еліміздің қуатты болғаны, егемендігіне лайықты еңсесі биік тұрғаны. Ал ол үшін Мемлекет басшысынан бастап әрбір қарапайым азаматқа дейін қимыл жасауы керек.

Біздің Шалқар қаласында қазіргі уақытта кәсіпкерлік салаларын дамытуға көп күш жұмсалуда. Бұған теміржол, басқа көлік инфрақұрылымдарының өрістеуі көп көмегін тигізуде.

Біздің аудандағы шаруа қожалықтары жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Оған мемлекеттік қолдау, нақты субсидия берілуі көп көмегін тигізуде. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта аудан тұрындарын етпен, қымыз-шұбатпен қамтамасыз ету жақсы жүзеге асырылып жатыр.

Жолдаудағы жақсы қолдауларға қуаныштымыз. Дегенмен біз де өз тарапымыздан қимыл-қарекетімізді күшейте береміз деп ойлаймыз. Сонда ғана жақсы күндердің жақындай беретіні айқын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button