Жаңалықтар

Мереке күні елді дүрліктірді

1 қыркүйек күні қаладағы бірнеше мектепке бомба қойылды деген жалған ақпарат тарады. Облыстық полиция баспасөз қызметі берген дерек бойынша қазір күдікті іздеуде.

Кеше таңертең сағат 8.30 шамасында №2 мектептің электронды поштасына Ақтөбе қаласының 6 мектебіне (№1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептер) бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. «Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барды, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен жұмысшылары эвакуациялау ұйымдастырылды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», —  делінген ресми хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button